Қазақстан экономикасының өсуі, азаматтар мен заңды тұлғалардың іскерлік белсенділігінің артуы даулы жағдайларының өсуіне әкеп соғады, оларды шешу тек сот ісін жүргізуде үлкен тәжірибесі бар мамандарға мүмкін болады.

Сотта мүдделерді білдіру бірқатар арнайы ерекшеліктерге  ие, олар негізінен қарсыласушы тараптардың ұстанымынан туындайды, сондықтан сот процесінде қателіктер мен процедуралық жіберілімдердің алдын алу үшін мұндай істерді тиісті тәжірибесі бар мамандарға және дәлелдемелер беру мен жауап алуды нақты түсінетін адамдарға тапсырған дұрыс.

Жиырма жылдан астам уақыттан бері біз соттарда клиенттеріміздің мүдделерін қорғаумен айналысып келеміз және азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот процесінің кез келген сатысында, сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізу сатысында да, олардың мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етеміз.

Біздің мамандардың сот және арбитражға қатысуы, ең алдымен, клиенттердің мүдделерін барынша қорғауды қамтамасыз етуге және дауларды тиімді шешуге бағытталған.

Біздің көмегімізге: құқықтық позицияны дамыту, дәлелдемелер қалыптастыруға көмек көрсету, сарапшылардың қорытындыларын алу, қажетті процедуралық құжаттарды рәсімдеу, сонымен қатар сот отырыстарына тікелей қатысу кіреді.

Біз өз клиенттерімізге сот ісін жүргізуде келесідей құқықтық көмек түрлерін ұсынуға дайынбыз:

  • Кеңес беру
  • Жалпы соттарда өкілдік ету
  • Аралық сотта мүдделерді ұсыну
  • Әкімшілік соттарда өкілдік ету
  • Талап арыздар мен шағымдарды дайындау
  • Іс жүргізу құжаттарын дайындау (өтініштер, арыздар, шағымдар, шолулар және басқа құжаттар)
  • Дәлелдемелер жинау
  • Мемлекеттік органдармен даулар
  • Корпоративтік даулар
  • Салық даулары
  • Кедендік даулар
  • Отбасылық даулар
  • Еңбек даулары
  • Банктік даулар
  • Сақтандыру даулары
  • Мұраны қабылдау мерзімдерін қалпына келтіру
  • Сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану
  • Мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы даулар
  • Ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді қорғауға қатысты мүдделер білдіру
  • Зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуы және тауарлық белгілерді заңсыз пайдалану жөніндегі сот ісі  Мамандандырылған ауданаралық экономикалық және ювенальдық соттарда мүдделерді білдіру.