«ДинастиЯ» адвокаттық кеңсесін ашу туралы шешім 1998 жылы қабылданды. Басында, біз  тек азадаған клиенттер шеңберімен шектелген кішкене отбасылық бутик-компания болады деп ойлағанбыз.

Ертеден келе жатырған салт-дәстүрлерді сақтап, келесі ұрпақпен бөлісу арқылы заңгерлік салада жоғары көрсеткіштерге жетуге болады деген ұстаныммен компанияның атын «ДинастиЯ» деп қойылды.

Клиенттік шеңбердің және сұраныстардың көбеюіне байланысты біз қызмет көрсету алаңын үлкейттік. Қазіргі таңда сіз әртүрлі күрделі сұраққа жауап алып, сотта өз мүдделеріңізді көрсетуде, қылмыстық айыптау кезінде қорғауда, келіссөздер жүргізуде және кеңес  қажет болған жағдайда біздің көмегімізге жүгіне аласыз.

Клиенттерімізге заңгерлік көмек көрсетуден басқа, біз қоғамдық жұмыстармен де айналысамыз.  Біздің мамандар ҚР-ның нормативті актілер жазу,  «Нұр-Отан» Ұлттық-Демократиялық партиясының Заңдық кеңесі жұмыстарына қатысып, арбитр ретінде шаруашылық дауларын қарастыруда қатысқан болатын.

Біздің күнделікті тәжірбе кезіндегі негізгі міндетіміз: корпоративтік этика мен құпиялылықты сақтай отырып, клиенттеріміздің мүдделерін қорғау.

Заңгерлік қайшылықтырды шешу кезінде, шығармашылық тәсіл мен бірегейлік , мемлекеттік сыңайлы, инвестициялық, қаржылық, мұнай және газ, өнеркәсіптік, құрылыстық компаниялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және жеке тұлғалармен жұмыс жасаған кезде көмегін тигізеді. Біздің миссиямыз – сіздің құқығыңыз бен мүдделеріңізді сақтау кезінде сенімді серік болып, сіздің Бизнестің дамуына үлесімізді қосу. Айтылған мақсаттарға жету үшін біз әрқашан қойылған талаптардан асып түсуге тырысамыз.